- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Таныстың керегі жоқ"....
"Таныстың керегі жоқ". Белгілі актер өнер саласын таңдайтындарға кеңес берді
Белгілі актер Берік Айтжанов Instagram-парақшасында өнер саласын таңдайтындарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ол Желідегі оқырмандарынан "Талант бар, таныс жоқ" деген сөзді естігенде, кандай күйде боласыздар? Жалпы, бұған көзқарастарыңыз қалай" - деп сұраған.
Жазбаға түрлі пікір жазылған:
"Таныс болмаса да ынтамен, еңбекқорлықпен керегімізге жетуге болады", "Таныссыз да талантыңды дамытуға болады. Тек ерінбеу керек және ниет түзу болуы керек!", "Талант бір күні болмасын ақыры бір танылады деп ойлаймын. "Мен талантты екенмін" деп отыра бермей, адамның өзі де еңбектену керек", "Әркімнің өз уақыты келеді, жұлдызы жанады", - деп жазған пікір білдірушілер.
Кейінірек актер дамыған заманда актер болу үшін не істеу керегін айтты.
"Таныс жоқ" деген сөз меніңше, жалқаудың сылтауы... Мысал ретінде өзім еңбек етіп жүрген саланы алайық.. Актёр болғысы келетін адам не істеуі керек? Ұялы телефон қазір бәрінде бар... Кез келген кинодан ұнайтын бір сахнаны таңдап, өзіңді өзің видеоға түсіріп интернетке жүктесең, еңбегіңді көретін де, бағалайтын да адам табылады! Бұл әншілікке де қатысты! Өнерің көңілден шығып жатса, ұсыныс та табылады және бұған ешқандай "таныстың" керегі жоқ... Бірақ таланттың өзі жеткіліксіз... Еңбек, еңбек, еңбек, мақсат және ізденіс қажет…" - деді ол.
Ж. ҚадыржановаПосмотреть эту публикацию в Instagram