“Таныспаған қыздың үстіне су шашып кеткен“. Алматыда ер адам қамауға алынды

Алматыда қоғамдық орында қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес ер адам қоғамдық орында қызбен таныспақ болған. Қыз оның ұсынысынан бас тартқаннан кейін ер адам үстіне су шашып, артынша әдепсіз қылық көрсеткен.

Қыз полициядан көмек сұраған.

"Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлері ер адамды анықтап, оны ұстады. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс сотқа жолданды. Істі қарау қорытындысы бойынша сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды", - деді ПД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз