Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев туыс-таныс арқылы жұмысқа орналасуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы өңір әкімі Tengrinews сайтының тілшісіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеунік таныстары немесе туыстары мансабына қатысты көмектеспегенін мәлімдеді. Ол өзіне де мұндай бұйымтай айтқан жағдайлар болмағанын жеткізді.
"Жоқ, мен мұндайды ұнатпаймын және маған мұндай ұсыныстар түскен жоқ. Мен өзім көп еңбектендім және ешқашан таныс пен туыстық байланыстарды жеке мақсаттарыма пайдаланған жоқпын. Жалпы мен әрқашан да меритократия принципін ұстанамын. Мен азаматтардың өзінің кәсіби дағдылары мен тәжірибесінің негізінде мансаптық сатымен өсулерін қолдаймын. Менің соңғы тағайындауларым осыған байланысты", - деді ол.
Сондай-ақ, әкім кадрлардың жергілікті жерде әзірленуіне қатысты пікір білдірді.
"Астананың мамандары мұнда келуге асығып отыр деп айта алмаймын. Өзім де өз адамдарымды тағайындайтын саясат ұстанбаймын. Мысалы, менің орынбасарларым менен бұрын қызметтеріне тағайындалған", - дейді әкім.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!