Таныс қызын соққыға жыққан астаналық қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты іс сотта қаралды. Құқықбұзушының жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауапқа тартылғаны анықталды.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы "Ұрып-соғу" бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.
Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді. Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқықбұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау - 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!