Әлеуметтік желіде такси жүргізушісімен сөзге келген әйелдің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода әйел мен такси жүргізушісінің арасында кикілжің пайда болғаны анық көрінеді.
"Сенің шатағың болмасын, түсіндің бе? Қалай беремін, өзім білемін. Таксисің бе такси болып жүр. Өз орныңды біл. Аяғыңды аспаннан келтіріп жіберемін ғой. Бағана қалай сөйлеп тұрдың? Еркек басыңмен... Мен саған 1090 шығып тұр дедім. Неге бес жүз қосасың? Айқайлаймын, өзім білемін", - дейді ол.
TikTok желісінде әйелдің оқиға неге бұлай ушығып кеткенін түсіндіретін тағы бір видеосы тарады.
"Ол 21-і күні түскі 16.00 шамасында болған оқиға. Инстаграм арқылы тапсырыс беремін. Сол тапсырыс берген қыздарға WhatsApp желісі арқылы жазамын. "Қыздар, мекен жайым осындай, маған салып жіберіңдер, таксиді өзім төлеп, күтіп аламын" дедім. Қыздар "сіз өзіңіз бізге такси шақырып бересіз бе? Мекен жайымыз осындай. Менің есімім - Азиза. Менің нөмірімді тіркеп қойсаңыз" деді. Мен қарсылық білдірмедім. Сол қыздың нөмірін тіркедім. Эконом такси тарифімен шақырамын. Сол мекенжайға шақырып беремін. Такси жүргізушісі сол жерге барады. Ол кісі сол офистен затты алғаннан кейін менің мекен жайыма жарты сағаттан кейін келеді. Бірақ аулаға кірмейді, тасжол жаққа шығады. Ол кісі тасжол жақта, айдалада тұрады. Ауламнан таппаймын. Одан кейін Азиза деген қызға шығамын. "Қыздар, сіз ана кісіге хабарласып бересіз бе? Ауламның алдында жоқ. Қайда тұр, біліп беріңіз" дедім. Азиза біліп береді. Маған қайтадан хабарласады. Ол кісі тасжолда, қоқыс тастайтын жердің қасында тұр екен. Сол кісінің тұрған жеріне барамын. Есігін ашқаннан кейін "саламатсыз ба? Бағасы қанша болды?" деймін. Ол кісі "1590" дейді. Мен "күте тұрасыз ба, менің қосымшамда 1090 деп шыққан еді, көре салайын" деп телефонымды ашып көріп жатқан кезімде ол кісі "не тапсырыс беріп тұрсың?" деп маған айқайлап бастайды", - дейді видеодағы әйел.
Cондай-ақ, оның айтуынша, такси жүргізуші қол да көтерген, арандатқан.
"Сіз неге үстінен 500 теңге қосып жатсыз, мінекей 1090 деп тұр" деп көрсетемін. Ол кісі маған қарсылығын көрсетіп, "жоқ сен маған 1590 теңге қылып бересің, себебі сен зат тапсырыс беріп тұрсың. Неге сен жеткізу қызметі деп тапсырыс бермейсің" деп қарсылығын білдіреді. ..."Мына 200 беттік параққа бола ұрыспай-ақ қояйық, еркексіз ғой, 1090 теңге тарифіңізді төлеймін. Өз жөніңізбен жүре беріңіз, маған затты беріңіз" дедім. Ол кісі маған затты берген жоқ. "Ей, сен, қатын" деп қоқан лоқы көрсете бастады. "Төлейсің" деп айғайлады", - деді ол.
Желі қолданушылары бұл жайтқа әртүрлі пікір жазып жатыр. Кейбіреулер қыздың ісі дұрыс емес екенін айтып, затты алдырту керек болған жағдайда жеткізу қызметін таңдау керек десе, енді бір топ такси жүргізушісін кіналаған.
"Ол қыз емес, мүлдем ұқсамайды", "Ашуланбаса әп-әдемі қыз екен ғой", "Танымай қалдым ғой мына қызды", "Шын бейнеңді көріп қойдық", "Такси емес, курьер шақыру керек", "Не болса да әйгілі болдың", - дейді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!