- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал виолончелші жалғыздықтан...
Танымал виолончелші жалғыздықтан “жапа шегіп жүргенін“ айтты
Инструменталист, виолончелші Бағжан Октябрь журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жалғыздықтан жапа шегіп жүргенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тимур Балымбетов Бағжан Октябрьден былтырғы берген сұхбатын еске салды.
Ол "Сен Ләйләға (Ләйлә Сұлтанқызы – ред.) берген сұхбатыңда "Осы биыл үйленгім келеді" дедің. Бір жылдан астам уақыт өтті. Үйленген жоқсың және сол сұхбатта былай дедің: "Биыл үйленгім келеді, себебі қиын" дедің. Не қиын? Неге қиын? Неге олай айттың?" деп сұрады.
"Концертте миллиондаған адам отырады, шапалақ ұрады, мақтайды, жақсы көреді, суретке түседі, бірақ қонақ үйге барғанда жалғыз өзің жатасың. Ешкімге сырыңды айта алмайсың. Сондай болып қалдым. Тек менде емес, сөйтсем, менің жанымдағы әртістерде де солай екен, қазір бәрімен сөйлесемін ғой, достарым "Бәрінде сондай" дейді. Ары-бері жүресің, бірақ бөлмеге келесің, есіктер жабылып қалады, жалғыз өзің қалып қаласың. Сол жағы қиын", – деді музыкант.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан