Танымал виолончельші Бағжан Октябрь TikTok желісіндегі парақшасына Ақтөбедегі аңыз әңгіме туралы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағжан Октябрьдің сөзінше, бұл - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақтолағай деген жер. Видеодағы адам бұл жерде қандай оқиға болғанын айтады.
"Әже жылқы баққан. Осы жерде қайтыс болған. Содан әлі күнге дейін әруағы келіп, түнде қыдырады деген нәрсе бар. Енді ол миф емес. Шынымен де, болған нәрсе. Өзіміздің де басымыздан өткен. Міне, осы жерде жаттық, палаткамен. Қондық. Сол кезде біздің палаткамыздың есігін түртіп, замогын көтеріп, мына жерде қуып бізді шамалы қорқытқан. Жылқыларын ұрылар ұрлап кеткен де, өлтіріп кеткен. Содан көмілмей жатып қалған бір жылдай. Бір жылдай жобамен. Соның кесірінен әруағы разы емес дейді. 2 баласы болған, солар келген, көрген. Мына жақта қора бар, ат қора, жылқылары тұратын. Соның ішіне жерлеген деп айтылады. Басқа адамдар осы жерді пайдалана алмас үшін", - дейді видеодағы ер адам.
@bagzhan_oktyabr Кім біледі бұл жерді? #актобе #багжаноктябрь #актолагай ♬ оригинальный звук - Бағжан Октябрь
Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұл әңгіме миф екенін айтқандар да бар.
"Әженің жаны жәннатта болсын", "Миф", "Бір жыл бойы мамаларын іздемейтін не қылған тасжүрек балалар", - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!