- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал вайнер Мейіржан...
Танымал вайнер Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты
5 жылға сотталған Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты. Бұл туралы жұбайы, танымал блогер Дана Есеева әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, балалар әкесімен кездескеніне қуанған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Мейіржанның заңда белгіленген қысқамерзімді демалысы бар (113-бап, мекемеден тыс жүру). Балалар қуанып жатыр. Кішкентайлар кейінгі кездесуден кейін сөйлей бастады, көп сұрақ қоятын болған. Үлкендері бәрін түсінеді, жақын арада тағы да Павлодарға аттанатынын сезіп, жанына үнсіз отырып, құшақтайды. Онда Мейіржан күндіз "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеп, кешке мекемеге қайтады. Ең бастысы, ананың жүрегі тынышталды. Ұзақ болмаса да, жалғыз ұлы қасында", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы