Танымал түрік аспазы ет асып, видео жариялады

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желі арқылы танылған түрік аспазы Бурак Өздемір қазақтың ұлттық тағамы етті дайындап, әлеуметтік желіде видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сонымен қатар, блогер оқырмандарынан бұл астың атауын да сұраған.

"Бұл жергілікті тағам қалай аталатынын біреу біле ме?" - деп жазды ол.

@cznburak

Czn Burak Sizce Bu Hangi Yörenin Yemeği İsmi Nedir Bilen Var Mı??

♬ Azoda Soginasan - Азода Юсупахмет

Кадрлардан Бурак Өздемірмен бірге дайындап жатқан өзбек аспазын да байқауға болады.

Оның жазбасына қазақтар түрлі пікір жазып жатыр. Көпшілік тағамның атауын айтқан. Алайда дәл осындай пікір жазған қырғызстандықтар да бар.

"Бешбармақ - қазақ ұлттық тағамы", "Қазақтың ұлттық тағамы", "Бешбармақ - қырғыздың ұлттық тағамы", "Бешбармақ - қазақ пен қырғыздың ұлттық тағамы", - дейді олар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова