Танымал түрік актрисасы Ханде Эрчел Ыстамбұл әуежайында ұсталды. Оған есірткі қолдану ісі бойынша іздеу жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі түріктің Cumhuriyet порталына сілтеме жасап.
Елге оралғаннан кейін актриса Ыстамбұл сотына жеткізіліп, тергеу аясында жауап берді. Рәсім аяқталған соң ол медициналық сараптамадан да өтті. Сот медицинасы институтында одан қан мен шаш үлгілері алынды.
Оны ұстауға санкция бұған дейін берілген, өйткені тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде актриса елден тыс жерде болған. Түркияға оралған соң ол түсініктеме беру үшін сот органдарына өз еркімен келген.
Тергеуді Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы жүргізіп жатыр. Бұл - есірткіге қатысты іс, оның аясында бұған дейін бірқатар танымал тұлғаны ұстауға ордер берілген.
Осы тергеу аясында бұған дейін атақты адамдарға қатысты да ұстау туралы қаулы шығарылған. Олардың арасында актрисаның бұрынғы күйеужігіті, миллионер Хакан Сабанджи, сондай-ақ, Фикрет Орман, Бурак Йылмаз, Дидем Сойдан, Гүзиде Дуран және басқалар бар.
Тергеу жалғасып жатыр. Прокуратура әзірге іс бойынша егжей-тегжейлі мәлімет таратқан жоқ, алайда қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп, дәлелдер жиналып жатқаны айтылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz