Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы кредит алып, жасауын өзі жинағанын айтты. Бұл туралы ол "Таңшолпан" бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізушінің сөзінше, студент кезінен бастап кредит алыпты.
"Студент кезімізден бастап кредит алдық. Ол кезде тауарлар алатынбыз үйге. Мен солай өзімнің жасауымды жасағанмын. Кір жуатын машина, тоңазытқыш - бәрін кредитке алып, бір жыл көлемінде жаптым. Ол кезде жалақы кішкентай болатын. Айына 15 мың теңге төлейтінмін. Соның өзін қиналатынмын", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!