Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген кітап жазғанын айтты

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген жақында авторлық кітабы жарыққа шығатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Дина Төлепбергеннің айтуынша, авторлық кітабында күйеуі туралы тың ақпарат және бірге түскен суреттері бар екен.

"Авторлық кітабымнан үзінді. Бұйырса жарыққа шықпақ! Көз майымды тауысып жазған туындым өткеніме сапар шеккізіп, табаным тиген іздерді қайта іздеуге мүмкіндік берді. Эфирдегі, желідегі өмірден мүлде басқа Динамен кітап арқылы танысасыз. Айтпақшы, күйеуім жайлы тың ақпарат пен бірге түскен эксклюзив фотоларды да кітапқа қостым! Жақында жарияланған уақытта сүйінші сұраймын, дайынсыздар ма?", - деп жазды ол. 

Еске салайық, Дина Төлепберген халыққа "Астарлы ақиқат" бағдарламасы бойынша танылған болатын. Тележүргізуші бұл бағдарламадан кеткеннен кейін өзін түрлі салада байқап көрді. Кино түсірді, би биледі, танымал өнер жұлдыздарымен сұхбат жасады. Енді кітап жазуды қолға алыпты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!