Танымал журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген енді өзін кино саласында сынап көрмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай шешімге келгенін журналист әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Бүгін режиссермін. Мидағы шектеулерді ысырып, кино алаңға келдім. Ескі дәурен, көне ғасыр, шынайылық шабыт сыйлады. Бір шеңберді айналып шаршадым ба, өзімді жаңа қырымнан көріп, тамсанып отырмын. Күтіңіздер, алда жаңа жоба! Жаңа деңгей, жаңа шың! Құтты қадамға қолдау білдірген кәсіби мамандарға мың алғыс!" - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Дина Төлепбергенді құттықтап, қолдау білідіріп жатқан оқырманы көп. Соған орай журналист желі қолданушылары арасында байқау ұйымдастырып жіберіпті.
"Ойлан, тап! Сізге сұрақ! Видеода қанша жылқы бар? Қанша жылқы болса, дұрыс тапқан алғашқы адамға сонша ақшалай сыйлық беремін", - деп жазды ол желіде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!