Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген жаңа канал ашты

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген жаңа канал ашты
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген жаңа канал ашқанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

"Кеше ғана телеграм канал аштым. Мұнда түрлі пайдалы ақпарат, әртүрлі жаңалықтар болады", - деп жазды ол. 

Жаңа телеграм канал "Dina Tolepbergen" деп аталады.

Телеграм каналдың анықтамасында: "Дина Төлепбергеннің ресми каналы. Сәлем, достым! Бұл жерде мен: 

  • Din Dina Show
  • Қазақ әйелдеріне мотивация
  • Саяхат туралы

бөлісетін боламын. Жазылып қойыңыз", - делінген. 

Еске салайық, жыл басында тележүргізуші Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізуді тоқтатып жатқанын мәлімдеген болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева