Мұрынға пластикалық ота жасату көру қабілетін төмендетуі мүмкін. Бұл туралы пластикалық хирург Дарья Фетисова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Лента.ру басылымына сілтеме жасап.
Фетисова көптеген науқастың проблемасы әлеуметтік желілердегі пікірлер немесе кеңестер бойынша процедураларды таңдаудан басталатынын айтты. Ол кез келген косметологиялық процедура қауіпті болуы екенін ескертті. Дұрыс таңдалған әдістеме ғана қауіпті азайтуы мүмкін.
Маманның айтуынша, гиалурон қышқылын қолданып жасалатын мұрынның контурлық пластикасы - жарнамаланған процедуралардың бірі. Бұл процедураның нәтижесі белгісіз. Біраз уақыттан кейін адамның мұрны айтарлықтай үлкейіп, сондай-ақ көру қабілеті нашарлауы мүмкін.
Маркетологтар жіп лифтингі арқылы операциясыз бетті көтеру процедурасы туралы да жақсы жарнама қалыптастырған. Фетисованың пікірінше, жіптер тіндерді тығыздап және бет кішкене ғана көтерілгендей әсер береді. Пластикалық хирург процедура кезеңдерін дұрыс таңдамаған кезде, көптеген адам инфекция жұқтырып алуы да мүмкін екенін ескертті.
Көбіне операциялар сертификатталмаған жіптермен жүзеге асырылады. Сондықтан, косметологқа жүгінген кезде барлық құжатты, ол жұмыс істейтін дәрілер де тексеру қажет.
Plasma Pen әжімдерді, тыртықтарды азайту, дақтарды, сәтсіз татуировканы, безеуден кейінгі іздерді, меңдер мен сүйелдерді кетіру үшін жасалады. Сондай-ақ, косметологтар хирургиялық жолмен жасалмайтын блефаропластиканың әсеріне уәде етеді. Фетисованың айтуынша, Plasma Pen де бетке қатты зақым келтіруі мүмкін.
"Еріннің контурлы пластикасы пішінін түзетеді және көлемін өсіреді. Бұл танымал процедура да қайғылы жағдайға айналуы мүмкін! Ол ең алдымен дұрыс таңдалмаған препараттарға және косметолог қолданатын ескі техникаға байланысты", - деп ескертті пластикалық хирург.
Нәтижесінде еріннің контурлы пластикасынан кейін түйіршіктері бар қисық еріндер пайда болуы мүмкін, тамырларға зақым келуі мүмкін. Сондықтан, маманның сөзінше, процедураларды тек жоғары медициналық білімі мен тәжірибесі бар маман жүргізгені дұрыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!