"Муз-ТВ" телеарнасының экс-басшысы Арман Давлетьяров Jibek Joly телеарнасындағы бағдарламаға жүргізуші болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.
Арман Дәулетияровтың сөзінше, бастапқыда ол мұндай ұсынысты ұзақ уақыт қабылдамай жүрген.
"Әртістерге қатысты нәрселерге менің өмірімде нүкте қойылған деп ойладым. Ал қазір көп нәрсені өткізіп алғанымды түсініп отырмын. Біріншіден, мен бағдарламаға қонаққа келетін адамдардың 90 пайызын білмейді екенмін. Оның ішінде, музыканттар, әзілкештер, шығармашылық адамдары бар. Өз жұмысымнан ләззат аламын", - депті Дәулетияров астанада өткен SöZ Astana Public Talk-те.
Айта кетейік, Арман Дәулетияров 1970 жылдың 12 тамызында Орынбор облысы Тамар Өткел ауылында дүниеге келген. Ол Ресейдің ірі музыкалық арнасы "Муз-ТВ" бас директоры болған. Бірнеше музыкалық жүлделердің жетекшісі. 2001 жылы өзінің "Музыкалық бірлік" атты жеке продюсерлік компаниясын ашады. "А студио", "Динамит", Мұрат Насыров және тағы басқа әйгілі топтар мен әртістермен продюсер ретінде жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!