Ресейлік композитор Максим Фадеев Алматыдағы жергілікті барлардың бірін авторлық құқығы бұзылғаны үшін сотқа берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Композитор Instagram-парақшасында 2019 жылы әнші Наргизбен келісімшартты бұзғанын және әншіге өзінің каталогындағы әндерді орындауға тыйым салғанын атап өтті.
"Бір кездері ол халық алдында өзін байсалды ұстайтын, тыйым салынғанына қарамастан біраз уақыт көз жұма қарап жүрдім. Бірақ Ресей және оның халқы туралы айтқан сөздерінен кейін ойымды өзгерттім, ол сөздерінен кейін әншіге елге кіруге 50 жылға тыйым салынған болатын. Бір нәрсе түсініксіз: неліктен оның репертуарында әлі күнге дейін "жау" болып саналатын орыс тілінде әндер бар? Неліктен ол өмірде де, өнерде де өзбек тіліне ауыспайды?", - дейді композитор.
Әнші Наргиздің концерті Алматыдағы The FRIENDS Bar & Terrace барында 26 мамырда өткен. Фадеевтің сөзінше, ол өнер көрсетер алдында оның заңгерлері барға композитордың әнін орындауға тыйым салу туралы ескерту жасаған.
"Алайда бар әкімшілігі ол ескертуді елемеді. Нәтижесінде біз концертті өткізу кезінде менің құқықтарымды бұзу фактісін тіркедік және сот ісін Алматы қ. Бостандық аудандық сотына жолдадық", - дейді Фадеев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!