- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал публицист, саясаттанушы...
Танымал публицист, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам көз жұмды
Танымал публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Мәди Манатбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Қазақ елі үлкен деңгейдегі мемлекетшіл тұлғадан айырылды. Белгілі публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды 86-шы жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы қаһармандардың бірі Құрманғазы Айтмұрзаев жеткізді. "Сейдахмет ағамыздың үйіне таңертең ғана барып, өзімен жүздесіп, ашық-жарқын сөйлесіп едік. Сырқатына байланысты ем-шараларын ақылдасқанбыз. Енді міне ағамыздан айырылып қалдық", деді ол. Сейдахмет Құттықадам жазған әр кітабында, берген әр сұхбаты мен зерттеуінде демократия құндылықтарын насихаттайтын. Қатты айтса да анығын айтып, мемлекетті басқарудың мансап қана емес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан ел билегендердің ең алдымен жанашыр болуы керектігін жете түсіндіретін. Амал нешік, ағамыз да бақиға аттанды. Қазақ қоғамы мен туған-туысына қайғырып көңіл айтамын. Алды пейіш, арты кеніш болсын", - деп жазды ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек