Саңырауқұлақ кез келген диетаға жақсы қосымша бола алады, себебі құрамында пайдалы дәрумендер мен минералдар бар. Бірақ кейбір адамдар одан бас тартуы керек. Гастроэнтеролог Наталья Стукова саңырауқұлақ жүкті әйелдер мен он жасқа дейінгі балалар үшін зиян өнім екенін айтып, өз ұстанымын дәлелдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Дәрігер болашақ аналар мен бала емізетін әйелдерге саңырауқұлақ жеуге болмайтынына назар аударды. Сондай-ақ, оның айтуынша, кішкентай балаларға саңырауқұлақ беруге болмайды, өйткені балаларда әдетте эндокрин бездері толық қалыптаспайды.
Асқазан-ішек жолдары ауруларына шалдыққандардың ауруы күшейіп тұрса, саңырауқұлақтарды қолдануына болмайды. Бұл қатарда ұйқы безі, бауыр, асқазан аурулары бар. Симптомдар кеткен кезде де оны тұтынуды шектеу керек.
Саңырауқұлақтың көп бөлігі қоректік емес көмірсулардан, құрылымдық полисахаридтерден тұрады. Олар дұрыс сіңірілмейді. Дәрігер полисахаридтер дәнді кебек сияқты жұмыс істейтінін айтты, яғни ас қорыту жүйесі арқылы тамақтың өтуін тездетеді және іш қатудан қорғап, нәжіс көлемін арттырады.
"Адамда асқазан жарасы немесе гастрит болса, дәрігерлер саңырауқұлақ жеуге кеңес бермейді, өйткені саңырауқұлақтардағы ақуыздар да әрдайым оңай ерімейді", - деді дәрігер.
Маман пікірінше, құрамындағы пайдалы заттардың көп мөлшеріне қарамастан, саңырауқұлақты күнде қолдануға болмайды, өйткені оларды сіңіру қиын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!