- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал музыканттардың орындауындағы...
Танымал музыканттардың орындауындағы мәңгі өшпес жауһарлар
"Астана Операның" бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев пен дәулескер пианист, Ұлыбританияның Лидс қаласында өткен танымал халықаралық пианистер байқауыныңжеңімпазы Әлім Бейсембаев14 қазандатеатрдың Үлкен залы сахнасында "Астана Опера" симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді.
Көпшіліктің назарына классикалық музыканың інжу-маржандары - Фредерик Шопеннің Бірінші фортепиано концерті мен Людвигван Бетховеннің Бесінші симфониясы ұсынылады.
Алан Бөрібаевтың есімі арнайы таныстыруды қажет етпейді. Оның шығармашылық жолы халықаралық дирижерлер байқауларындағы жарқын жеңістермен қарқынды басталды. Кейін ол өзін әлемдік мәдени қауымдастықта біртуар маэстро ретінде көрсетті. Ол әлемнің көптеген ірі театрларымен және симфониялық ұжымдарымен жұмыс істеп, қазақстандық мәдениетті шетелде танымал етуде және өнеріміздің дамуына зор үлесін қосуда. Маэстроның ең үлкен еңбектерінің бірі Еуропадағы Оңтүстік Тюрингия мемлекеттік операсының сахнасында (Германия) Жұбанов пен Хамидидің "Абай" операсының алғашқы қойылымы болып табылады.
- Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын концертімізге шақырамын. Сахнадағы басты кейіпкер "Астана Операның"тамаша симфониялық оркестрі болады. Біз Людвигван Бетховеннің классикалық музыканың ең танымал туындыларының бірі саналатын №5 симфониясын орындаймыз, ал біздің дарынды отандасымыз Әлім Бейсембаев Ф.Шопеннің концертін ұсынады. Оның марапаттар қоржынында Лидсте өткен байқаудың бірінші сыйлығы бар. Тарихта тұңғыш рет қазақстандық пианистің осындай беделді байқауда бірінші сыйлықты алғанын айта кетуім керек, - деп атап өтті "Астана Операның" бас дирижері Алан Бөрібаев.
Дәулескер пианист Әлім Бейсембаев қазіргі таңда Ұлыбританияда тұрады. Оның есімі түрлі музыкалық додалардағы жеңімпаздардың тізімінде жиі аталады.
- Көпшілік Шопенді оның техникалық шеберлік пен поэтикалық мәнерлілікті үйлестіріп, фортепиано арқылы терең эмоцияларды жеткізе білетін қабілеті үшін жақсы көреді. Себебі Шопен Отанына жүрегімен берілген болатын, ол концертке поляк халық музыкасы мен мәдениетінің элементтерін қосып, өзінің патриоттық сезімін көрсетеді. Бұл концертте тұтас музыка тарихындағы ең жоғары дәрежедегі туындылар шырқалады. Бетховеннің Бесінші симфониясы мен Шопеннің Бірінші концерті де көптеген эмоциялар туғызып, жігерді жаниды, - деді Әлім Бейсембаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина