- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал мобилограф Қыран...
Танымал мобилограф Қыран Талапбектің жұбайы енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
Биыл шаңырақ көтерген Қыран Талапбектің жұбайы Гүлзада Тұрлаш "Менің өмірім" бағдарламасына қазіргі енесімен жақсы қарым-қатынаста екенін, бірге жүріп, қыдыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен ата-енеме үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бірінші келген күнімнен бастап туған қызындай қарады. Осы күнге дейін ешқандай жұмыс істетпеді, қонақ шақырсақ, аспаз жалдайды. Тіпті үйде күнделікті тамақ дайындайтын аспаз бар, сондықтан алғашқы күннен оған уақыт жұмсамаймын. Күйеуіме де, ата-енеме де рақмет. Олар өздері "үйге аспаз алайық, сен қиналма" деп ұсыныс тастады, оған қоса үйді жинайтын көмекшілер де бар.
Астанадан ұшақпен кешігіп келдім, киімімді ауыстырып, өз-өзіме келу үшін үйге соғып кету керек болды. Үйге барсам, енем аспаздар дайындаған тағамды дастархан үстіне жайып, тамақтанбай, мені күтіп отыр екен. "Мен сені күттім, екеуміз бірге отырып тамақтанайық деп", дейді. Бірге шай-тамақ ішіп, ол кісіге "мама, сізге рақмет, осылай мені күтіп, қолдау білдіргеніңізге рақмет" деп ризашылығымды айтып кеттім. Ол кісіге үлкен рақмет, өте керемет жан, мені қызындай қабылдайды. Екеуміз күнде осылай сұхбаттасқандай отырып сырласамыз. Үйде ешкім болмағанда, бірге шай ішіеміз, қыдырып келеміз. Аллаға шүкір, керемет жан", - деді Гүлзада Тұрлаш.
Еске салайық, биыл жазда танымал мобилограф Қыран Талапбек екінші рет шаңырақ көтергені белгілі болды. Кейінірек оның бұрынғы әйелі Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова экс-жолдасының екінші рет үйленуіне қатысты ойын айтты.
Тағы да оқи отырыңыздар: Абылай хан шексіз билікке қалай қол жеткізді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә