Танымал қытайтанушы Тоқаевтың ерекше суретін жариялады

Танымал қытайтанушы Тоқаевтың ерекше суретін жариялады
Фото: ашық дереккөз

Танымал қытайтанушы Иван Зуенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір сирек кездесетін суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, шынында да, бұл - сирек кездесетін сурет.

"1983/1984 оқу жылында тағылымдамадан өтушілер тобының Бейжің тіл институтындағы сабағы кезінде түсірілген сурет... Екінші қатарда екінші тұрған - қазіргі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оның жанында сол кездегі ММУ тарих-филология факультетінің деканы Антонина Федоровна Котова. Бірінші қатардың оң жақ шетінде - ММУ Шығыстану институтының түлегі, қазір Ресей Федерациясының ҚХР-дағы елшісі Игорь Владимирович Моргулов", - деді Зуенко.

Қытайтанушының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тағылымдамадан өтушілердің бірінші тобының старостасы болған. 1984-1985 жылдары ол КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында қызмет атқарған, ол кезде бұл өте беделді жұмыс болып саналған.

Иван Зуенко - ММХҚИ Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері, шығыстану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова