Танымал кеңестік ақын-әнші Николай Добронравов 16 қыркүйек күні 95 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Экспресс газетке" сілтеме жасап.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ауыр және ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды.
Николай Добронравов 1928 жылы 22 қарашада Ленинградта дүниеге келді және М.Горький атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы В.И. Немирович-Данченко атындағы студия-мектебінде білім алды. Мансабының басында ол кинода актер болып жұмыс істеді, содан кейін ән жазуға көшті.
1956 жылдан бастап және қайтыс болғанға дейін ол композитор, пианист, КСРО Халық әртісі Александра Пахмутованың күйеуі және бірлескен авторы болды. Мансап барысында Пахмутова 400-ге жуық ән жазды: олардың көюі жұбайының өлең жолдарына жазылды. Ең танымал композициялардың қатарына "Главное, ребята, сердцем не стареть", "Орлята учатся летать", "Трус не играет в хоккей", "До свиданья, Москва", "Команда молодости нашей", "Как молоды мы были", "Надежда", "Беловежская пуща" және басқа да хиттер кіреді.