Танымал қазақстандық трансгендер неден қорқатынын айтты

Niko Nett лақап атымен белгілі трансгендер Наиль Тұрғанов неден қорқатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Airan YouTube-арнасына берген сұхбатта айтты. 

"Біреумен қарым-қатынас, отбасын құру туралы ойламаймын. Өмірімді мансабыма арнағым келеді. Солай нақты шештім. 30 жастан кейін өмір сүремін деп ойламаймын. Қалжың, әрине. Бірақ олай ойлауыма гормоннан бастап, трансфобияға дейін түрлі себеп бар. Қолымнан келмейді деп қорқамын. Себебі шешім қабылдап, ары қарай қадам басуым үшін көп күш қажет. Бірақ ары қарай қолымнан келмейді деп қорқамын. Ерте ме, кеш пе берілемін. Сондай ойлар келеді. Осы нәрседен, берілемін бе деп қорқамын", - дейді Niko Nett. 

Айта кетейік, Niko Nett - трансгендер екенін жариялаған қазақстандықтардың бірі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!