Танымал режиссер Есмұхан Обаев азан шақырып қойған аты кім екенін, қалай басқа ат қойылып кеткенін айтып берді. Ол бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Есмұхан Обаевтың азап шақырып қойған есімі - Жеңісхан.
"Сол кезде ат қоятын адамдар ауылда молдалар болған. Ат қоярда құжат дайын тұрмайды. Мен 1942 жылы тудым, әкем 1952 немесе 1962 жылы құжат сұрап барады. "Құжат беріңдерші, менің үйімде туып еді. Кім еді? Атын ұмытып қалдым баламның. Алтыншы балам ғой менің, аты кім еді?" дейді. Қай ат келеді, соны айта салады, ауыл кеңесі солай жазады. Ауыл кеңесіне байланысты. Кейбіріне жақсы ат қояды. Менікі ары емес, бері емес ат. Сондай жайттармен қойылып кеткен", - деді ол.