- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал қазақстандық медиахолдингтің...
Танымал қазақстандық медиахолдингтің экс-директоры сотталды
Маңғыстаулық медиахолдингтің экс-директоры 4 жылға сотталды. Ал компания есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де бірнеше бап бойынша айыпты деп танылған, оның ішінде, ең бастысы - бюджет қаражатын миллиондап жымқыру, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, "Маңғыстау медиа" ЖШС экс-басшысы сот үкімін тыңдауға келмеген. Себебі ол ауруханада екен. Ал есепшіге сот залында кісен салынған. Бұған дейін екеуі де үйқамақта болған.
Айта кетейік, өткен жылдың мамыр айында аудиторлық тексеру жергілікті газеттер бірлестігінде 57 миллион теңге жетіспейтінін анықтаған. Бірақ прокурорлардың тексеруінен кейін бұл сома 4 миллионға дейін азайды. Дәл осы ақша бірлесіп ұрланған деп есептелді. Медиахолдинг басшысы үш бап бойынша сотталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина