- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал қазақстандық кәсіпорын...
Танымал қазақстандық кәсіпорын қызметкерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген құжат тарап кетті
YNTYMAQ кәсіподағының төрағасы Асқар Қойшыбай Facebook-парақшасында "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС қызметкерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген құжатты жариялап, бұл мәселеге байланысты Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
"Басшыларымыз өздеріне тоқсандық премия аямай алады екен, біздерге жұмысшыларға болса 15 мың теңге береді. Әділдік қайда сонда? Арбитраж комиссиясының келісімі бос сөз болғаны ма?!", - дейді Асқар Қойшыбай.
Құжатта қызметкерлерге сыйақы 217 430 теңгеден 1 169 000 теңгеге дейін берілетінін көруге болады.
Басылым бұл мәселеге қатысты кәсіпорын өкілдерінен жауап алатынын жазған.
Айта кетейік, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" - Маңғыстау облысында энергиямен жабдықтаудың ірі көзі саналатын көпсалалы энергетикалық кәсіпорын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина