Танымал қазақстандық актер, әнші ұшақта бортсерікті ұрып тастаған

Танымал медиа тұлға, әнші және актер FlyArystan әуекомпаниясының бортында тәртіп бұзған. Ол компания бортсерігіне қатысты физикалық күш қолданып, агрессия танытқан. Компания өкілдері танымал қазақстандықтың аты-жөнін атамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 18 желтоқсанда болған. FlyArystan жолаушысы, танымал медиа тұлға, әнші және актер әуекомпанияның бортсерігіне қатысты физикалық күш қолдану арқылы агрессия танытқан.

Жолаушы өзінің сырт киімінің багаж сөрелерінде мыжылып қалғанына наразылығын білдірді. Содан кейін бортсерік жолаушының сырт киімін қолжүктің үстіне қоюға көмектесу үшін қолжүк сөресінен шығарды, алайда жолаушы күртешесін тартып алып, бортсерікті маңдайынан ұрды. Салдарынан қызметкер физикалық соққыға жығылып, психо-эмоционалды ауыр күй кешті, сондай-ақ рейс 1 сағатқа кешігіп ұшты.

Деструктивті жолаушы полиция қызметкерлеріне тапсырылды және 440-бап бойынша жауапкершілікке тартылды. Бортсерік жолаушыны жауапқа тарту мақсатында және заңды тергеу жүргізу үшін сот-медициналық сараптамадан өтті. Әуекомпания өз қызметкеріне барынша психологиялық, медициналық және заңгерлік қолдау көрсетеді, сондай-ақ тәртіп бұзған жолаушыны қара тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. 

Айта кетейік, әуежайда тәртіп бұзған жағдайда:

Егер жолаушы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын құқық бұзушылық істесе, әуекомпания қызметкерлері қажетті құжаттарды толтырады және жолаушыны әуежайдағы полицияның желілік бөліміне тапсырады.

Мысалы, кейбір жолаушылар әзіл түрінде оларда жарылғыш, граната және басқа да қоғамға қауіпті заттар бар екенін хабарлайды. Мұндай мәлімдемелердің салдары жолаушыларды эвакуациялауға, рейстердің кешігуіне, арнайы қызметтерді негізсіз пайдалануға және т.б. әкеледі.

Мұндай мәлімдемелер үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазамен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
 
Бортта тәртіп бұзған жағдайда:

Егер жолаушы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын құқық бұзушылық істесе, экипаж қажетті құжаттарды толтырып және жолаушыны әуежайдағы полицияның желілік бөліміне жеткізеді. Егер жолаушы ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруін жалғастыра берсе, командир мәжбүрлі қонуға шешім қабылдауы мүмкін.
 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!