- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал қазақ әніне...
Танымал қазақ әніне билеген италиялық кім?
700 мыңға жуық оқырманы бар италиялық Тік-Ток жұлдызы Алессандро Карузо танымал қазақ әніне биледі, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Диета.kz тобының "Ләйлім" атты әніне түсірілген видео Tik-Tok-та 64 мың қаралым жинап, бірнеше танымал пабликте тарады.
@alessandrocaruso78 #perte#viral#kazakistan?? #song#italiantiktoker?? #foryou#neiperte ♬ suono originale - alessandrocaruso78Alex78
Италиялық тик-токердің не себепті дәл осы әуенге көңілі ауғаны белгісіз. Бастысы, қазақ әні әлемге насихатталып жатқаны қуантады.
Алессандро Карузо журналистерге берген сұхбатында 44 жаста екенін және отбасылық киім дүкені барын, карантин басталып, дүкендер жабылып, бизнесі тоқтаған уақытта Тік-Ток түсіріп бастағанын айтқан.
Қазір қазақ әндерінің Тік-Ток желісіндегі танымалдылығы күн сайын артып келеді. Себебі, осыған дейін кемі миллион оқырмандары бар танымал тик-токерлер бірінің артынан бірі қазақ әніне билеген видеоларын бөліскен болатын.
Олар Жолдасбек Абдихановтың сөзіне жазылған "Жүрегіңнің есігін қағып тұрмын аш-аш" әніне биледі.
Видео Instagram-дағы танымал парақшаларда жарияланды.
"Tik-Tok-тағы видеоға қазақтар мен шетелдіктер жылы пікірлерін қалдырып жатыр", - делінген әлеуметтік желідегі парақшада.
Бұл ән елімізде негізі үш жыл бұрын шыққан болатын. Бірақ желтоқсан айынан бастап ән Тік-Токта кеңінен тарала бастады. Қазір "Аш-аш" әніне әлемнің жұлдыздары билеп, челендж бастап кетті. Оның арасында Италияның балет бишісі Витторио Сколле де бар. Челленджге әлем бойынша 200 мыңнан аса адам қатысқан.
Г. Досымшалова