Алматы қаласы бойынша экономикалық тексеру департаментінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танымал кәсіпкерлерді ұзақ уақыт бойы бопсалап келген бір топ тұлғалардың әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Мassaget.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Қылмыстық топ зорлық-зомбылық, қоқан-лоқы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.
Бүгінде Департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды.
"Еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар. Сонымен қатар, аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан. Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған", - делінген агенттік хабарламасында.
Құзырлы орган топтың белсенді мүшелері ұсталғанын мәлімдеді. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.