Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қыздарды саяхат кезінде әдемі белдемше кигенде абай болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қыздар, егер мен секілді әп-әдемі юбка киіп алып Дохада жүрсеңіздер, абай болыңыздар! Өйткені, желдеткіш еденде. Өзімді Мэрилин Монро сезініп жатырмын", - деген ол саяхатынан видео жариялады.
Айта кетейік, өткенде Дина Төлепберген қай елде демалып жатқаны туралы деректер айтып, оқырмандарына жұмбақ жасырған болатын. Әлеуметтік желіде жариялаған осы видеосы арқылы танымал журналистің Дохада қыдырып жүргені белгілі болды.
"Дұрыс, бұл - Доха! Алдыңғы рилсте жасырған жұмбағымның жауабын тапқан жандарға ЖАРАЙСЫҢДАР деп жар саламын! Бір-біріміздің сауатымызды осылай ерінбей ашуға атсалысу - сауапты іс. Қолдағандарыңызға рақмет. Бүгін тағы бір Қатардағы қызықты байқадым. Бұл жердің астынан қара алтын ғана емес, суық ауа да шығып тұрады екен. Екіншісі әрине, климатқа байланысты жасалған технологиялық шешім. Десек те, біле жүріңіз. Қайран қазағымның шұрық-тесік жолдары-ай. Бордюрмен қазынаны тонаған шақта, кондиционер туралы айтудың өзі қорқынышты екен", - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!