Танымал журналист Дина Төлепберген өзі саяхаттап жүрген ел туралы қызық деректер айтып, жұртқа жұмбақ жасырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл елде еркектерге көп әйел алуға ресми түрде рұқсат етілген. Бұл елде әйелдердің құқығы шектелген...", - дей келе Дина Төлепберген "Бұл жұмбақты кім шешер?" деп оқырмандарын ойландырып қойды.
Журналистің айтуынша, мұнда арақ-шарапқа тыйым салынған, атақты Аль-Джазира телеарнасы осында орналасқан, футболдан әлем чемпионаты өткен.
Дина Төлепбергеннің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандар оның саяхатын қызу талқылап кетті. Ал сіздің ойыңызша, Дина Төлепберген қай елде қыдырып жүр?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!