Танымал журналист әрі тележүргізуші ҚФФ президентіне кеңесші болды

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне отандық журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, - деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Нұрсұлтан 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды. Ол отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, ҚФФ президенті болып өткен жылдың желтоқсан айында Марат Омаров сайланған болатын.