Танымал иммунолог, педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор Андрей Продеус күзде тұмау жұқтырып алмау жолын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, ең бастысы - иммундық жүйені нығайту керек.
"Иммунитет демалуы керек. Ағза көбіне қалпына келетін кезең - 23.00 мен 03.00 аралығы", - дейді маман.
Сонымен қатар, иммунитет әлсіреп кетпеуі үшін стресске түспей, дұрыс тамақтанып жүру қажет.
Иммунологтың сөзінше, суықтың таралуына сырттағы теріс температура әсер етпейді. Бұл суық және тұмаумен ауыратын адамдар тарататын "инфекциялық агенттен" туындайды. Дәрігер вакцина салдыруға кеңес берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!