- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал дизайнер Аида...
Танымал дизайнер Аида Қауменова бойында бірнеше ұлттың қаны барын айтты
Танымал дизайнер Аида Қауменова бойында бірнеше ұлттың қаны бар екенін айтты. Бұл туралы ол MOM'sкий әңгіме бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бала кезінде екі әжесінен тәрбие алған.
"Анам - жартылай беларусь, жартылай татар, әкем - қазақ. Бір әжем - беларусь, біреуі - қазақ. ...Қазақша да, орысша да жақсы сөйлей аламын. Себебі екеуінен де тәрбие алдым. ...Әкем анамды алып қашып кеткен. Олар осында оқыған. Әкем "менің ата-анама қонаққа барайық" деген. Анам барған. Оған орамал тағып, шашу шашып, солай қалдырған. Босағадан аттады, демек келін. 20 жаста болған. Бірақ анам таза қазаша сөйлейді, қазақшаға судай. Біздің әулеттің толық дәстүрін, салтын қабылдаған", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова