Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға көлігі сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Айдарбек Ходжаназаров парақшасында мәлімдеді.
"Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын", - деп жазды депутат.
Еске салайық, бұған дейін Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтқан болатын.
"Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек", - деп жазған еді Ходжаназаров.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!