Аустрияда балалар тағамының құтысынан егеуқұйрыққа қарсы уы табылды. Мұндай өнімдер Чехия мен Словакияда да анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, өндіруші бұған дейін өнімдерін кері қайтарып алған.
Әңгіме немістің HiPP брендінің өнімдері туралы болып отыр. Компания құрамына қасақана өзгеріс енгізілді деген күдіктен кейін сәбіз бен картоп езбесі салынған құтыларды кері қайтаратынын жариялады. Қауіпті тауар Аустриядағы SPAR желісінің 1000-нан аса супермаркетінде сатылған.
Кейінірек қауіпті құтылар тек Аустрияда емес, сонымен қатар Чехия мен Словакияда да табылды. Тергеу амалдары Германияның құқық қорғау органдарының қатысуымен жүргізіліп жатыр.
Полицияның айтуынша, сатып алушылардың бірі күдікті өнім - салмағы 190 грамм болатын құты туралы хабарлаған. Жүргізілген сараптама қауіпті растады: сынамадан егеуқұйрық уы табылды.
Билік бұл жағдай бопсалаумен байланысты мақсатты қылмыс болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Полиция азаматтарды бұл өнімді тұтынбауға шақырды.
Өнімді бірнеше белгісі арқылы тануға болады:
HiPP компаниясы бөгде біреулердің араласуы мүмкін екенін мәлімдеді. Олардың мәліметінше, оқиға SPAR желісінің аустриялық бөлімшесі арқылы жеткізу тізбегіне жасалған қылмыстық әсермен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, өндіруші өнімді тұтыну өмірге қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.
Сатып алушыларға тауарды қайтарған жағдайда қаражат толық қайтарылатынына уәде берілді.
Кейінгі уақытта балалар тағамы нарығында мұндай оқиғалар жиілеп кетті – бұған дейін Nestlé, Danone және Lactalis сияқты ірі өндірушілер де осындай мәселелерге тап болған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз