Танымал боксшы туған жерінің атынан жұдырықтасатын болды

Танымал боксшы туған жерінің атынан жұдырықтасатын болды
Фото: akkalykov_sabirzhan|instagram

Бокстан 71 келіге дейін салмақта ұлттық құрама мүшесі Сабыржан Аққалықов қайтадан туған жері Қарағанды атынан жұдырықтасатын болды. Бұл ақпаратты боксшының өзі растады, - деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

Сабыржан - 2021 жылы Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған боксшы.

Бұған дейін ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының атынан қатысып жүрді. Қарағандыда өткен соңғы Қазақстан чемпионатында да БҚО-ның намысын қорғады. Финалда Фарух Тоқтасынды жеңіп, ел чемпионатында алғаш рет топ жарды.

Қазақстан чемпионатынан кейін Қарағанды облысы бокс федерациясының басшылары келіссөз жүргізіп, талантты боксшыны туған жеріне шақырған. Алдағы жарыстарға Қарағанды атынан қатысатын болады.

О. Сансызбай