- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал блогердің қоры...
Танымал блогердің қоры жалғызбасты, көпбалалы әйелге баспана алып берді
Шымкентте жалғызбасты, көпбалалы әйел үйлі болды. Ол үш жыл бұрын жесір қалған. Осы уақытқа дейін әйел адам балаларымен өзі жұмыс істеген кафеде тұрып келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл бес баланың анасы Мариямға танымал блогер Дәулет Төлеутайұлының Dauletten қоры оқырмандарымен ақша жинап алып берген баспана. Мариям Мұхтасарова күйеуі қайтыс болғаннан кейін бес баласымен көшеде қалған. Бірақ көпбалалы ана кез келген жұмысты істеген. Еден жуып, аспазға көмектескен кездері де болған. Оның сөзінше, қиындықтарға қарамастан, артық ешкімнен қол жайып көмек сұраған емес, бәрін өзі істеуге тырысқан.
Қор еріктілері 21 миллион теңге жинап, көпбалалы анаға Шұбарсу ауылдық округінен баспана алып берген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Енді өз баспанамыз бар. "Дәулеттен" қорына, көмектескен халыққа мың алғыс. Қатты қуанып та, қобалжып та тұрмын. Сене алмай тұрмын. Қалай қуанып тұрғанымды сөзбен жеткізе алмаймын", - дейді Мариям.
Бес бөлмелі пәтер 20 миллион теңгеге сатып алынған. Қалған қаражатқа үйге қажет техника мен жиһаз сатып алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина