- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал блогердің әйелі...
Танымал блогердің әйелі жатқан перзентхананың құны белгілі болды
Танымал кәсіпкер, блогер Дархан Жолшыбеков перзентханаға қанша шығын кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Ревю" бағдарламасында бөлісті. Дархан Жолшыбековтің айтуынша, перзентханадан шығару рәсіміне көп адам шақырылмаған
"Әйеімнің қасында болдым, бәрін көріп отырдым. Ешқандай уайым болған жоқ, тек Даридің уайымдамауына көмектесіп, қолдап отырдым. "Мен уайымдасам, Дари не болып кетеді?" деген ой болды", - деді ол.
Дархан Жолшыбеков қызының кіндігін өзі кескен. Блогердің әйелі Дарикорн Алматыдағы ең қымбат перзентханалардың бірінде босанған.
"Негізі 800 мың теңге, қасында адамның жатуы, тағамының шығыны бар, әзір есептемедік", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін блогер Дархан Жолшыбеков екінші рет әке атанғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек