NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын жалдамалы пәтер үшін айына 2 миллион теңге төлейтінін айтты. Бұл туралы ол Мархабат бағдарламасына берген сұқбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәсібін дөңгелетіп отырған блогер миллиондаған ақшаны пәтерге төлейтінін жеткізді.
"Айына 2 млн теңге төлеймін. Алдында 6 млн теңге деп айттым, ол үш айға төленді. Қазір тұрып жатқан үйім 500 мың доллар тұратын үй. Мен 500 мың доллар тұратын үйді сатып алғанша, ол ақшаны өзіме инвестицияға құяйын. Кәдімгі үлкен пәтер. Өз үйімді саттым. Бәріне "Үйіңді сатып, 2 млн теңгелік пәтерге шық" деп айтпаймын. Ақшам болмаса, пәтерден шығарып жіберуі мүмкін. Мен өзіме сенемін. Өзімнің кәсібімді білемін. Сондықтан соған инвестиция жасаймын", - деді Нұрдәулет Бектұрсын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!