NNN лақап атымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын Желіде тараған "қыз зорлады" деген қауесетке жауап берді. Ол бұл туралы Taboo жобасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама жүргізушісі Анар Батырханның сөзінше, Ясмин деген қыз "әлеуметтік желіде NNN мені зорламақ болды" деп шу шығарған.
"Есте сақтау қабілетім жоқ. Жазғандарым тұр екен. 2 жыл бұрын сөйлескен екенмін. Бірақ ол адамды өмірімде көрмегенмін. Мен сөйлестім бе, достарым сөйлесті ме, бірге отырып, әзілдеп сөйлескен шығармыз. 2 жылдан кейін шығарып жіберген оны. "Жынды ма, мен саған жаздым ба?" десем, "иә" дейді. "Не үшін бұл, тыныштық па? Жарайды, шығарып жатсың. Сатып жатыр оны. Бұл негізі қылмыстық іс" дедім. Telegram-нан сатып жатыр. Оны білмеймін, түрін де көрмегенмін. ...Сөйтсем, ол менімен ғана емес, бәрімен сөйлескен екен. Халықтың эмоциясы қызық, бір адам мың адаммен жаман сөз сөйлеседі, мың танымал адам жаман да, бір адам мың адаммен сөйлескені қызық емес ...Кішкентай қыз, несін сотқа бересің?" - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!