Танымал блогер Арман Юсупов әнші Қайрат Нұртастың туған күнімен құттықтап, оған қымбат көзілдірік сыйлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, сыйлық таңдау оңайға түспеген.
"Мені таңғалдырған хат келді. Оған не сыйласам екен деп ұзақ ойландым. Кейін маған бір ой келді. Майкл Джексон десе, ақ қолғап еске түседі. Майкл Джордан десе, кроссовка еске түседі. Қайрат Нұртас десе, бірден көзілдірік еске келеді. Мен Қайрат Нұртасқа көзілдірік алып берем деп шештім. Бұған аса жауапкершілікпен келдім. Бүкіл отбасым маған көмектесті", - деді желі жұлдызы.
Танымал блогер туған күн иесіне Louis Vuitton брендінен көзілдірік сыйлаған. Оның айтуынша, өнер иесіне ұнағаны сонша, тіпті ол көзілдірікпен видео түсіріп үлгерген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!