Танымал блогер Ырысбала Икрамбай "Қалаулым" бағдарламасында қатысушы болып жүрген кезінде алған жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы блогер Hit TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.
"Қалаулымға" мені шақырған қазіргі күйеуім. Ол жерде ақша төленетіні анық. Себебі ол жерде қаншама адам (қатысушылар-еск.) ай бағып, жұлдыз тағалап отырмайды. Ол бір жұмыс ретінде қаралады. Ақша төленеді. Сол кезде маған жолыммен бірге 150 мыңдай төленді-ау. Ол айлық", - деді блогер.
Еске салайық, "Қалаулым" 2020 жылға дейін Еуразия бірінші арнасында көрсетілген бағдарлама. Оның мақсаты жастарды таныстырып, жұп ретінде бас қостыру болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!