Танымал блогер жауапкершілікке тартылды

Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, интернетті талдау барысында танымал блогер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған, сигнал бермей, кенет қозғалыс жолағын ауыстырып, жол апаты жағдайын туғызған видео анықталған.

"Тергеу қорытындысы бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі (апат жағдайын туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция мәліметінше, мұндай әрекеттер - жай ғана жауапсыздық емес, басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру, мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады.

"Заң бәріне бірдей. Жазаның бұлтартпау принципі бәріне қолданылады. Алматы полициясы заңбұзушылық бар әрбір видеоға шара қолданылатынын ескертті", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!