Танымал блогер Алтынай Жорабаеваның туған күніне көлік сыйлады

Танымал блогер Алтынай Жорабаеваның туған күніне көлік сыйлады
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva парақшасындағы видеодан скриншот

Танымал қазақстандық әнші Алтынай Жорабаеваға фудблогер су жаңа Lexus көлігін сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер Индира Жакупова әлеуметтік желіде Алтынай Жорабаеваны қуантамын деп жылатып алғанын жазды.

"Нөлден бастағалы қасымда жүрген, туғанымдай болып кеткен жанашыр әпкемді жылатып алдым. Әпке, сізге не сыйласам да лайықсыз ғой. Басыма небір сынақтар келгенде, кімнің кім екені көрінгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым өзіңіз болдыңыз. Менен қолдауыңызды аямадыңыз! Маған деген аппақ көңіліңіздің қасында дүние деген не ол?! Сыйластығымыз арта берсін!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында Алтынай Жорабаеваға көлік сыйлаған кездегі видеосын жариялап.

Осылайша, тосынсыйға тап болған Алтынай Жорабаева су жаңа Lexus-тың иесі атанды. 

"Мен шокпын. Төлеу мен Индира өзімізге Lexus аламыз деп алдап шақырыпты. Сөйтсем, менің туған күніме сыйлық екен. Машинаның артына гүл қойып, "Алтынай әпке, мына машина сіздікі" деп жазып қойыпты”, - деді өнер иесі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Indira Zhakupova (@astana_povar)

Еске салайық, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның күйеуі киімдерін қою үшін әйеліне аумағы 180 шаршы метр болатын пәтер сатып әпергенін жазған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева