Қазақстандық байер, блогер Жансая Махабаева Аека Пош лақап атымен танымал блогердің ұзатудағы образы қанша тұратынын есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жансая Махабаеваның есептеуінше, жақында екінші рет тұрмысқа шыққан танымал блогер Айым Алтынбекованың ұзатудағы образы 17 миллион теңге тұрады.
Бұл туралы блогер Жансая Махабаева әлеуметтік желідегі парақшасында видеоталдау жариялады.
"Аека Поштың ұзатуда киген мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз? Қазір айтып беремін. Үстіндегі өте әдемі қалыңдық көйлегін арнайы ательеде тіктірген. Құны - 250 мың теңге. Әшекейлеріне көшейік, Cartier love білезігінің қалыңдау түрінің бағасы 4 192 000 теңге. Ал жіңішкелеу түрі - 2 715 000 теңге. Сырғаның орнына салынған Vintage Alhambra Van Cleef білезігі 2 874 000 теңге. Ал дәл осындай білезіктің меруерт тастарымен жасалған түрі болса 2 610 000 теңге тұрады. Bulgari Serpenti сақинасы 1 292 000 теңге. Осы коллекциядан екі рет оралған гаухартасы бар сақинаның бағасы болса 2 900 000 теңге. Ал Cartier Love сақинасының құны 715 000 теңге. Сонымен барлығы 17 515 000 теңге. Сіздерге образ ұнады ма?", - деді блогер видеоталдауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!