Танымал блогер, көптеген мұқтаж жанның баспаналы болуына көмектескен Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында қалай байып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ырысбала Икрамбай оқырманының "Қалай байып кеттіңіздер?" деген сұрағына жауап берді.
"7 жылдан бері алдарыңызда жүрмін. Бәрін саламыз, куәсіздер. Қалай байып кеткенімізді қалай білмейсіз? Неге біз біреудің өмірін аңдуға құмармыз, біреудің қалтасын, ақшасын санағанға құмармыз. Біреу бар болып тұрса көре алмаймыз. Жоқ болса үзіп бір үзім нан бере алмаймыз. Біреудің тағына талассаң да, бағына таласа алмаймыз. Құдай берем десе, несібе бәрімізге жетеді, шаш етектен", - деп жазды блогер.
Сонымен қатар жақында Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында қазір демалыста екенін, ешкімге көмектеспейтінін хабарлаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!