Танымал блогер 182 миллион теңге тұратын Ferrari автокөлігін абайсызда өртеп алды

Америкалық танымал блогер өзінің 182 миллион теңге тұратын автокөлігін абайсызда өртеп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Whistlindiesel өзінің instagram парақшасында айтып, хабарлады. 

"Иә, қараңызшы, уухххх... біз өртеп алдық. (Бұл менің жаңа "Феррари" және жалға алынған минивэн), YouTube-та қалай болғаны туралы видеомызды көріңіз,-деп жазды ол. 

Блогердің айтуынша, ол жүгері алқабында Ferrari автокөлігін тізгіндеп келе жатқандай, кенет автокөліктің дөңгелегі үйкеліс күшіне шыдамай өрт тұтана бастаған. Алайда темір тұлпарды бүтіндей қызыл жалыннан сақтап қала алмаған. Кеткен шығын 182 миллион теңге.

Желі қолданушылары америкалық блогердің бұл әрекетін сынға алып, түрлі пікір білдірген. 

"Аш балаларды тамақтандыру керек еді, бұлай өртеп алғанша", "Шындығына келгенде, көп адамдар автокөлікке лайық емес", "Бұл әрекетіңіз дұрыс болмады", "Сізге көңіліміз толмады", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!