Танымал әзілкеш әрі тележүргізуші Азамат Мұсағалиев өзін қатты шошытқан Қазақстандағы мерекелік кеш туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Баста" телешоуында көрермендердің бірінің қойған сұрағына жауап ретінде бөлісті.
"Азамат, кеш пен той жүргізетініңді білеміз. Ал қазақ іс-шаралары ауқымдылығымен, сыйлығымен танымал. Содан мынадай сұрақ: сізді таңғалдырған немесе сізді қорқытқан ерекше жайт туралы айтып берсеңіз. Бірақ, әрине, қорқынышты кеш туралы қызығырақ", - деп сұрады көрермендердің бірі.
Әзілкештің айтуынша, олар "өте маңызды адамдарға" концерт өткізген. Ұйымдастырушылар әзілкеш пен оның командасына төрт адам алдында өнер көрсететінін ескерткен. Ал Мұсағалиевке бұл адамдардың кім екенін айтпаған.
Ол бұл кеш Нұрсұлтан Назарбаев билік еткен кезде болғанын айтты. Әзілкештің айтуынша, сол кезде осы төрт көрерменнің арасында "бір шенді қазақ", "Назарбаевпен деңгейлес" адам болғанын айтты.
Ол сахнаға шығып ән айта бастаған. Алайда бұрынғы танымал әндердің сөзін ауыстырып айтқан. Сол кезде әлгі "шенді қазақ" олай істемеуін өтініп, ескі әндердің бірін орындауын сұраған. Азамат бірден Виктор Цойдың "Звезда по имени Солнце" әнін айта бастаған.
"Бір кезде ол тұрып шығып кетті. Мен әнді әрі қарай жалғастыра бердім. Әлгі адамның жендеттері де шығып кетті. Ал қалған 3-еуі сол күйі қалды. Бір кезде ол қайта келе жатқанын көрдім. Алқынып келе жатыр екен. Мені теуіп жібере ме деп ойладым. Келді де қомақты қаржыны қалтама сала бастады. "Мен ескі ән дегенде осы ән ойымда тұрған, рақмет" деді. Ақшаға қарасам, біздің 4 гонорар екен", - деді Азамат Мұсағалиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!